+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген бұйымдардың жартысы қоқысқа тасталады

2017 жылғы 6 мамыр 10:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген бұйымдардың жартысы қоқысқа тасталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың көбі Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті дүниелерді емес, өздеріне қажетсіз болған киім-кешектерін жіберген. Себебі қайырымдылық шарасы аясында жеткізілген киімдердің жартысынан астамы жыртық, кір, әрі киюге жарамсыз. Оларды қоқысқа тастаудан басқа амал жоқ. Мұндай деректі "Актобе-Таймс" интернет басылымы келтіреді.

Мәселен, қайырымдылыққа келген заттардың ішінде 300 келіден астам тұз бар, ал ет жоқ. Мақалада келтірілген дерек бойынша, іріктеліп алынған заттар (4 кілем, 2 төсеніш, 20 көрпе және т.б заттар) 200 адамға таратылған. Оларды адамдарға үлестірмес бұрын химиялық тазартуға беруге тура келген.

Ал азық-түлікпен қамтуға негізінен Қызылорда облысы көмектескен. Өңірден келген 7 "КамАз" көлігі 8,5 тонна ұн, макарон және күнбағыс майын жеткізген. Ақтаудан көмек екі «Газель» көлігімен жеткен, онда киім-кешек және аздаған азық-түлік болған.

Сондайақ, басылым дерегі бойынша, Алматыдан 1 газель аттанған, бірақ ол әлі Ақтөбеге жетпеген.

Мән берерлік бір жайт, көмекке келген заттардың ішінде тұз өте көп: он келілік он қап, 25 келілік 4 қап, тағы 600 қорапша тұз жіберілген.

Табиғат апатынан зардап шеккендерге ақтөбеліктер азық-түлікпен көмектескен. Ал «Қолғанат» қоры 100 миллион теңге қаржы жинап берген. Ол ақша зардап шеккен тұрғындарға қалай үлестірілетіні әзірше белгісіз.

Айта кетейік, су тасқынынан өңірде 3000 адам зардап шеккен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT