Ақтөбеде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысы басталды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысы басталды. Штабтың байланыс телефондары: 26-03-25, 24-95-97, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көктемгі су тасқынын болдырмау үшін қалалық жедел штаб жұмысын бастады. Су тасқынына қарсы штаб телефондары: 8(7132) 26-03-25, 24-95-97.

«Биыл көктемгі су тасқына қарсы іс-шаралары үшін 110 ассенизатор, 10 автоцистерна және 2 қозғалмалы насостық станса мен помпа дайындалды. 25 ауыр техника да бар. Оның ішінде бульдозер, кран, экскаватор, тиегіш техникалар жұмылдырылды. Су тасқынына қарсы 4 мың тонна инертті материал және 2,5 мың дана құм толтырылған қапшық дайындалды. Ақтөбе қаласы бойынша 29 мың метрден астам ашық, 4936 жабық суағар, 21 су жинайтын үлкен көлемді құдық, 42 дренажды кіші құдық бар. Наурыз айынан бастап арықтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қараша айынан бастап қалалық полигонға 270 мың шаршы метр қар шығарылды. Қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Ақтөбе қала әкімі аппараты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Дәулетов.

Штабтан су сору немесе инертті материал түрінде жәрдем сұраған тұрғындарға көмек су тасқынына қарсы комиссиясы тексеруінен соң ғана беріледі.

Сондай-ақ көпқабатты үйлердің аулаларына қызмет көрсететін ұйымдар жауап береді.


Соңғы жаңалықтар