+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ақтөбеде су добынан ҚР чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

2021 жылғы 4 наурыз 02:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде су добынан ҚР чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде су добынан ел біріншілігінің екінші кезеңі аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық үш спортшы жарысты жалғастырады Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» көш басына шықты Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Ақтөбе қаласындағы «Достық» су спорты орталығында 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ел біріншілігінің екінші кезеңі аяқталды. Чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 9 команда қатысып, бақ сынасты.

«Бір аптаға созылған чемпионаттың екінші айналымының нәтижесі бойынша Тараз командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Барлық қарсылас командасын жеңіп, 12 ұпай жинады. Екінші орында - 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары. Ал үшінші орында - ақтөбелік ватерполшылар, команданың қоржынында 8 ұпай», - деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.

Айта кетейік, жарыстың бірінші туры Атырау қаласында өтті. Ал үшінші кезең және финалдық ойын Өскемен қаласында 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT