Ақтөбеде студенттерге әжетхана жуғызбақ болған оқытушы жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде студенттер әжетхана жуудан бас тартып, бұл оқиға қоғамда резонанс туғызды. Осы жағдайға байланысты тексеру комиссиясының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі шу әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Стоматология бөліміндегі студенттер әжетхананы тазартуға мәжбүр болған. Осы оқиғадан кейін қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде меңгеруші Раиса Оразға сөгіс берілді.

«Университет әкімшілігі студент пен интернатура стоматологиясы мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Раиса Ораздың арасында болған оқиға бойынша тексеру жүргізді. Алғашында Р.Ораз стационарлық ем алып жүрді, сондықтан комиссия отырысы кейінге шегерілді. Тексеруден соң Р.Оразға өз лауазымдық өкілеттігін асыра қолданғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, Р.Ораздың өтініші бойынша ол кафедра меңгерушісі қызметінен босатылды. Қазір ол кафедраның профессоры міндетін атқарушы лауазымында жүр. Бұл қызметке конкурс арқылы ғана өтеді», - деді университеттің әкімшілік-кадрлық жұмыстар жөніндегі департаменттің жетекшісі Динара Нұранова.

Оның айтуынша, сенбілік ұйымдастыру Р.Ораздың міндетіне кірмейді, бірақ ол сол күні студенттерге өтініш айтқан.

null

Айта кетейік, комиссия құрамында университет прорекоры, оқытушылар мен белсенді студенттер, психологтар мен кадр бөлімі болды.

Қазіргі уақытта Раиса Ораз студенттерден емтихан қабылдап жатыр. Университеттің интернатура стоматологиясы мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы сол жоғары оқу орнының емханасы орналасқан ғимаратта екен. Ал емхана жетекшісі Раиса Ораздың баласы Азамат Омарғали болып шықты.

null

«Бұл жер - Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматология емханасы. Мен осы емдеу орнына жетекшілік етемін. Ол - менің анам, басқа ештеңе айта алмаймын. Бәріне кафедра басшылығы жауап береді», - деді емхана жетекшісі Азамат Омарғали.

null

Соңғы жаңалықтар