Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шығып, 131 адам эвакуацияланды
2022 жылғы 25 қаңтар 14:29

Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шығып, 131 адам эвакуацияланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Медициналық университет жатақханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 8:58-де болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенттер жатақханасында тоңазытқыштың жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

«Өрт Ақтөбе қаласы Пацаев көшесінде орналасқан жатақхананың үшінші қабатында тіркелді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 42 адам және 11 техника жіберілді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірден адамдарды шұғыл эвакуациялауға кірісті. Жатақхана терезелерінен қалың түтін шығып жатты. Баспалдақ маршының көмегімен құтқарушылар 39 шетелдік азаматты құтқарды.

Барлығы 131 адам эвакуацияланды, оның ішінде 105-і шетелдік азамат. Құтқарылған және эвакуацияланған адамдар жылжымалы жылыту пунктіне орналастырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрттің ауданы – 16 шаршы метр. Қазір оттың қалай тұтанғаны анықталып жатыр.


ширина 360 высота 640

Jańalyqtar

MURAǴAT