Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе автожол колледжінің екі оқушысы үйінің ауласында төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыстағы білім мекемелерінің басшыларын шұғыл жинады. Автожол колледжінің студенттері мен ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізді.

«10 наурыз күні Ақтөбе автожол колледжінің екі студенті өзара сөзге келіп, бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Жастар ортасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектеп пен демалыс мекемелерінің бастапқы міндеті болып табылады», - деп облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.

Оқытушылар да ата-аналарға өтінішін жеткізді.

«Тәрбие отбасында басталуы керек. Ата-аналар баланың кіммен және қайда екенін, қандай сайттарды қарайтынын білуі тиіс», - дедіАвтожол колледжінің директоры Жанар Әлішева.


Соңғы жаңалықтар