Ақтөбеде студент жоғалып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше отбасындағы жанжалдан соң 16 жастағы бойжеткен қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 мамыр күні сағат 11:00-де отбасындағы жанжалдан кейін колледждің 1 курс студенті үйінен шығып кетіп, оралмаған.

«Полицияға қыздың әкесі қоңырау шалды. Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың бойы 155-160 см, орта денелі, шашы ұзын, қоңыр түсті. Бетінде секпілі бар. Үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар киген, аяғында ақ түсті кроссовка. Ұялы телефоны жоқ. Үйден бұрын-соңды кетпеген. Жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін азаматтарды 8776 546 66 66 немесе «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар