Ақтөбеде СOVID-19 бен пневмониядан жазылғандар оңалту орталықтарында ем қабылдап жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдығып, жазылғандар қосымша сауықтыру кешендерінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Ақтөбе медицина орталығы мен «Дару» емханасында оңалту шарасын қабылдап жатқан адамдар бар. Жазда пневмонияға шалдығып, ем қабылдағандар 4-5 ай өткен соң ентігіп, жүргенде шаршап қалып жатыр. Қазан айынан бастап бізде портал арқылы ем жүргізіле бастады. Оларға дәрі-дәрмек беріліп, массаж жасалады, физиотерапиядан өтеді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, өткен тәулікте өңірде 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Үшеуі ауырып, дәрігер көмегіне жүгінсе, өзгесі дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Бәрі де Қарғалы ауданының тұрғыны. Айта кетейік, барлығы 3369 адамдан коронавирус инфекциясы анықталса, оның 96 пайыздан астамы жазылды. Қазір 336 адам үй карантинінде жатыр. Олар медициналық бақылауға алынды.


Соңғы жаңалықтар