Ақтөбеде сотталушыларға бизнес негіздері үйретілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жазасын өтеушілерге мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты мен мазмұны түсіндірілді. 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнеспен айналысудың жолдарын үйретсе, жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі КА 168/3 түзету мекемесінде 160-тан астам адам жазасын өтеп отыр. Олардың 30-дан астамы нәзік жанды. Асханада 10 адам тамақ пісірсе, ер азаматтар өндіріс орындарында еңбек етеді.

null 

«Мекеме жанында 4 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Қазіргі күні 90 сотталушы сол жерде еңбек етеді. Балабақшалардағы ойын алаңдары мен монша, саунаға арналған ағаш бұйымдарды дайындайтын жазасын өтеушілер айына 30-40 мың теңге жалақы алып, отбасына көмектесіп тұрады»,- дейді 168/3 түзету мекемесінің бастығы Әлібек Митанов.

Қоныс колониясында жұмыс істейтін Гүлмира Уәлішева адамдарды алдап, 5 жәбірленушіні шығынға батырғаны үшін Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша 5 жылға сотталған. Қазір КА 1986/3 түзету мекемесінде аспаз болып жұмыс істейді. Бұған дейін Атыраудағы түрмеде 2 жыл 8 айын өтеп, сол жерде мамандық алған. Жұмыс істеу арқылы ол жәбірленушілерге бережақ 1 миллион 200 мың теңге ақшаны өтеуі тиіс. Сондықтан жұмысты талғамайды, қарызын өтеуге тырысады.

«Бізге «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары түсіндірілді. Қазір жұмыс өте маңызды. Түзету мекемесінен шыққан соң тұрақты жұмысқа орналасқым келеді. Сөйтіп, үш жәбірленушіге қарызымды өтей аламын»,- дейді жазасын өтеуші Гүлмира Уәлішова. Ол 11 айдан соң абақтыдан шығады. Сол кезде ол бірден қалалық жұмыспен қамту орталығына бара алады. Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшысы жазасын өтеушілерге несие алып, кәсіп ашудың тетіктерін түсіндірді. Сонымен қатар, тегін кәсіптік білім алу жолдары айтылды.

null 

Айта кетейік, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық түзету мекемесіндегі жастармен кездесуді әрі қарай жалғастырады. Алдағы күндері құқықтық, кәсіптік сауаттылықты арттыру жұмыстары КА 168/1 және КА 168/2 түзету мекемесінде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар