Ақтөбеде сот шешімінен соң серіктестіктің шошқалары сатылымға шығарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауданаралық экономикалық соттың шешімінен соң «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-нің мүлкі сатылымға шығарылды. Қазіргі кезде 800-ге жуық шошқа сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 22 қараша күні мемлекеттік сот орындаушысы А.К.Ерекенов бұған дейінгі сот шешімін орындау, сөйтіп «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-нан мемлекет кірісіне 7 млрд теңгеден астам қаржы, жергілікті бюджет кірісіне 210 млн теңгеден астам мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін ауданаралық экономикалық сотқа өтініш берді. Алға аудандық әкімдігінің хабарлауынша, серіктестік жұмысын тоқтатса жануарлардың жаппай қырылуы, Бестамақ ауылдық округі тұрғындарының наразылық танытуы мүмкін екені ескерілді. ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, жануарлар тез бұзылатын мүлік ретінде танылып, комиссия шарты бойынша сатуға рұқсат берілді.

«22 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы отырысында борышкердің жеке шағымы қаралды. Ол сот орындаушы А.К.Ерекеновтың сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге өтініш берген. Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімі бойынша ауданаралық экономикалық соттының шешімі өзгеріссіз және борышкердің жеке шағымы қанағаттанарлықсыз қалдырылды. Сөйтіп 24 желтоқсаннан бастап сот орындаушылары сот шешімдерін орындауға кірісті. 27 желтоқсанға дейін 792 бас шошқа сатылды. Бұл жұмыстар жалғасады», - деп хабарлады Алға аудандық әкімдігі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осыдан бір жыл бұрын бір топ адам шошқа фермасының жұмысына қарсы шықты. Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты тексеру жұмысының қорытындысы шығарылды.


Соңғы жаңалықтар