Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы бойынша соғыс ардагерлеріне 300 мың теңге беріледі. Қазір қалада 35 соғыс ардагері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 35 ардагер тұрады. Олардың әрқайсысына 120 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік төлем, өзін сауықтыруға 180 мың теңге беріледі. Сөйтіп Жеңіс күні қарсаңында әр ардагерге 300 мың теңге бөлу қарастырылған.

«Соғыс ардагерлері коммуналдық төлем үшін ай сайын 10 мың теңге алып отыр. Сонымен қатар Жеңіс күніне қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Әр ардагерге 300 мың теңге беріледі. ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер 60 мың, ҰОС қаза болғандардың жесіріне 35 мың, тыл ардагерлеріне 12 мың теңге қарастырылған», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар