Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі. Облыс бойынша қазір 20 майдангердің көзі тірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, облыста 6 706 соғыс және еңбек ардагері тұрады. Олардың 20-ы соғыс ардагері, 1714 - і Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, 4693-і тыл еңбеккері, 279-ы қайтыс болған жауынгерлердің жесірі.

«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектерге 2 млн теңгеден берілсе, соғыс кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда еңбек еткен адамдарға, қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар, ауған соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 100 мың теңгеден бөлінді. Соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден төленеді», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Соңғы жаңалықтар