Ақтөбеде скутер тізгіндеген 16 жасар бозбала жол апатынан көз жұмды

None
Видеодан алынған кадр/ t.me/POLICE_of_KZ
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 мамыр күні Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан.

Скутерді 16 жасар бала басқарған.

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында мерт болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Естеріңізге сала кетейік, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек» деп ескертеді полиция.


Соңғы жаңалықтар