Ақтөбеде шөп тиелген көлікке соқтығысқан автоның жолаушысы көз жұмды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе - Атырау тас жолында болды. «Toyota Prado» маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Байғанинге бағыт алған. Жолдың 242-шақырымында «Газ» автокөлігімен соқтығысады.

«Жол-көлік оқиғасында «Toyota Prado» жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, екі жолаушы Байғанин ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүк көлігіне шөп тиелген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбеде жол апаты жиілеп кетті. Өткен демалыс күні Кеңқияқ ауылы маңында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Жүргізуші мен жанында отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасынан соң қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар