Ақтөбеде шіркеуден алтын бұйымдар ұрланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Шіркеуден ұрланған алтын бұйымдар мен тұрғындардың садақасын алып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер шіркеуге ұрлыққа түсті. Полиция күдіктіні анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Шіркеуге келушілердің садақасы мен алтын бұйымдар ұрланып кетті. Қазір шығын көлемі анықталуда. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің »Ұрлық« бабы бойынша іс қозғалып, күдіктіні іздеу жұмысы жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар