Ақтөбеде шетелдік студенттердің де дәстүрлі форматта оқуына рұқсат берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шетелдік студенттердің де еш кедергісіз білім алуына мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік студенттердің оффлайн форматта білім алуы үшін тұрғылықты елдің уәкілетті органынан анықтама сұратылады. Сонымен бірге COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын растауы тиіс. Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін 3 тәулік ішінде ПТР сынама тапсырады. Теріс мән көрсеткенде күндізгі оқу форматына жіберіледі.

«Медициналық колледждер мен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің клиникалық базаларына, облыстың емдеу- профилактикалық ұйымдарына вакцинаның екі дозасын да алған студенттер ғана жіберіледі. Асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына бөгде адамның кіруіне рұқсат берілмейді. Дене қызуы көтеріліп, ауырған адамдар, «сары» және «қызыл» мәртебесі бар науқастар білім ордасына кіргізілмейді», - деп жазылған қаулыда.

Сонымен бірге, бір студенттен коронавирус инфекциясы анықталса, топ түгел 14 күнге оқшауланады.


Соңғы жаңалықтар