+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Ақтөбеде шетелдік нөмерлі көлік иелерін бопсалаған топ ұсталды

2020 жылғы 12 қазан 19:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде шетелдік нөмерлі көлік иелерін бопсалаған топ ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шетелдік нөмірлі көлікті фотоға түсіріп, кейін иелерін бопсалаған топ ұсталды. Арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірім де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы үш қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді. Сот алды тергеу кезінде бопсалаушы топтың жымысқы әрекеті белгілі болды.

«Күдіктілер Армения және Ресейден жеткізілген, шетелдік көліктің нөмірін ұрлап, фотоға түсірген. Кейін көлік жанына Telegram мессенджерінің мекенжайын қалдырған. Жәбірленушілер байланысқа шығып, хат қалдырған. Негізі жәбірленушілер жаңа нөмір алуы үшін көлік тіркелген елге қайта баруы тиіс. Қорыққаннан жіберілген банк есепшотына 20-50 мың теңге аударып, мекенжай сілтемесімен нөмірін алған. Тергеу кезінде 16 дерек анықталды. Күдіктілердің бірі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім болып шықты. Топ ұсталған соң Ақтөбе қаласында көлік иелерін бопсалау дерегі тыйылды», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT