+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде шетелдік көліктердің нөмірін ұрлап сатқан топ ұсталды

2020 жылғы 4 тамыз 15:11
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде шетелдік көліктердің нөмірін ұрлап сатқан топ ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ресейлік және армян көлігінің нөмірін шешіп алып, әлеуметтік желі арқылы сатқан топ ұсталды. Олардың арасында жасөспірім де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды 24 жыл бұрын Беларусьте кісі өлтірген адам Алматыда ұсталды Елордада жүргізуші куәлігін 80-120 мың теңге аралығында сатқандар ұсталды

Полиция қызметкерлері 4 адамды ұстады. Біреуі кәмелет жасқа толмаған.

«Жастар дабыл және бейнебақылау камерасымен жабдықталмаған автокөліктерден мемлекеттік нөмірді ұрлаған. Кейін автокөліктің алдыңғы әйнегіне нөмірді ақшалай сыйақыға қайтара алатынын хабарлап, тілдей қағаз тастап кеткен. «Телеграмм» әлеуметтік парақшасына хабарласуды сұраған. Ұрланған мемлекеттік нөмір үшін күдіктілер 20 - 50 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Жәбірленушілер полицияға тез арада жүгінді. Кейбірі нөмірлерін сатып алғаннан кейін ғана полицияға арызданған. Барлығы 40-қа жуық адам зардап шеккен. Қазір ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде 4 күдіктінің екеуі ұсталды, екеуіне іздеу жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT