+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

2020 жылғы 5 қазан 14:56
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпара – Ақтөбе қаласында шектеу шарасын елемегендер тағы да анықталды. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе қаласы, Астана ауданының полициясы мен прокуратурасы бірлескен рейдке шыққан болатын. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені анықталды.

Мекеме иесіне қатысты материал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапа қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

«Өңірде 900-ден астам шектеу шарасын бұзу дерегі тіркелген», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде ешбір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмады. Өңірде індетке шалдыққан 3252 адамның 98 пайызы жазылды. Қазір 44 адам үй карантинінде ем алып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT