Ақтөбеде «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 201 адам баспаналы болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 201 адам баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша барлығы 500-ден астам адамның өтініші мақұлданды. Қазіргі кезде 201 адам пәтер алды.

«Өңірде тағы бір ақтөбелік жас отбасы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болды. Айжамал Книсарина 29 жаста. Жолдасы екеуі 3 бала тәрбиелеп отыр. Айжамал № 7 арнайы мектепте жұмыс істейді. Мектепке жұмысқа орналасқан бойда бюджеттік сала қызметкері ретінде​ мемлекеттік пәтер кезегіне тіркеліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашып, ақша жинақтауды бастаған. Жас отбасы пәтер жалдап тұрды, ал енді олардың жеке баспанасы бар», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мақсат Заитов.

Жас отбасы жаңа жоспар құра бастады.

«Арманым жеке баспана болатын. Ол арманым орындалды. Енді жеке көлік сатып алып, саяхаттасақ деген мақсатымыз бар» - дейді Айжамал Книсарина.


Соңғы жаңалықтар