Ақтөбеде шалғын көбелегі шыға бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Мұғалжар, Қобда, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында шалғын көбелек ұша бастады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруалар мен бау-бақша егетін адамдарды улау жұмысына дайын болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде шалғын көбелектің пайда болғаны туралы ақпаратты әдістемелік орталық таратты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруалар мен бақша дақылдарын өсіретін адамдарды мамыр айының аяғы мен маусым ауының басында улау жұмыстарына дайын болуға үндеді.

«Улау жұмыстары кезінде міндетте түрле қауіпсіздік ережесі сақталуы керек. Шаруашылықтар пестицид алса, шығынының тең жартысы субсидияланады. Бау-бақша ұжымдары арнайы қызмет мекемелеріне жүгінуі керек. Олардың мекенжайы мен байланыс телефондары қазір таратылып жатыр», - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев.

Айта кетейік, қазір әлеуметтік желіде құрт қаптап кеткен алқаптар шыға бастады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы түсінік берді.

«Екі округте құрт қатпағаны анықталды. Біреуінде 50, екіншісі 20 гектар алқапта тараған. Бұл шалғын көбелегі емес. Ауа райы жылы әрі ылғалды. Сондықтан түрлі жәндік шығып жатыр», - деді Асылхан Әбтиев.


Соңғы жаңалықтар