Ақтөбеде сегізінші қабаттан құлаған 2 жасар сәби көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі жасар бала 8-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше сағат 14:23-де Ақтөбе қаласының 12-ықшамауданында оқыс оқиға тіркелді. 2 жасар бала абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды сақ болуға шақырады. Көпқабатты тұрғын үйдің терезелерін арнайы тормен бекіткен жөн. Жаздың ыстық күндері ашық тұрған терезелер балалар үшін аса қауіпті. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар көп жағдайда шыбын-шіркейтін қорғайтын торға сүйеніп, құлап кетеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері тіркелген екінші дерек. Бұған дейін Хромтау ауданында 2 жастағы сәби терезеден құлап кетіп, облыстық балалар ауруханасында ем алып шықты.

Соңғы жаңалықтар