Ақтөбеде сайлауға бақылау жасау бойынша республикалық комиссияның филиалы өз жұмысын бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 20 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлауға бақылау жасау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалы өз жұмысын бастады.

Бүгін «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен брифингте комиссияның төрағасы, Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті аппаратының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Халел Хұсайынов комиссияның алдағы қызметі туралы баяндап берді.

«Комиссия облыста кандидаттардың сайлауалды штабтары, сайлау комиссиялары және БАҚ-тың сайлау заңнамасын сақтауын бақылау үшін құрылған. Комиссия мүшелері электоралдық процеске қатысып отырған барлық кандидаттар үшін тең жағдайлардың қамтамасыз етілуіне септігін тигізеді, сайлау процесін бұзудың кез келген әрекеттерін болдыртпай, оларды уақытылы жойып отырады, әкімшілік ресурстың ықтимал әрекеттерінің алдын алады», - деді Халел Хұсайынов.

Оның айтуынша, комиссияның құрамына ғылыми қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және жастар кірді. Олар электоралдық науқанның ашықтығының сақталуын қадағалайды.

Соңғы жаңалықтар