Ақтөбеде саяжайға баруға рұқсат беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер келесі аптадан бастап саяжайларына баруға рұқсат алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының жедел штабы саяжайға барып, көктемгі егу жұмыстарына рұқсат беруге шешім қабылдады.

«Жеке автокөлікпен бау-бақша ұжымдарының учаскелеріне кіру мен шығу құжаты қаладағы 30 мектепте беріледі. Жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсатнаманы алу үшін жеке куәлік пен жер учаскесінің актісі қажет. 27 сәуірден бастап тұрғын үй алаптарынан бау-бақша ұжымдарына дейін адамдарды тасымалдау үшін «Автопарк» серіктестігі 4 бағытта, «ПАТП» серіктестігі 2 бағытта автобус шығарады. Ал бау-бақша ұжымдарының аумағында тұрақты тұратын адамдарға рұқсатнама берілмейді«, - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар