Ақтөбеде саяжай аумағын су басты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы мал базарына барар жолдағы саяжайды су басты. Қазір бұл аумақта арнайы штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы маңындағы сайжай үйлері су астында қалды. Кешкілік қар суы күрт көтеріліп, судың ағыны күшейген. Оқиға орнына штаб жетіп, экскаватор қазу, жыраларды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бұл жер бұрын суға кеткен емес. Өткен жылы дәл осылай су ақты, биыл қайталанып тұр. Себебі, қыста қала ішіндегі қар шығарылып, мал базары маңына жиналды. Қар көктемде еріп, су тасып жатыр. Алғашқы кезде төтенше жағдайлар қызметі келіп, бақылап тұрды. Кейін эксковатор жыраны кеңейтіп, саяжай мен қаланың ортасындағы қатынас бұзылды», - деді ауыл тұрғыны Айбек. Саяжай тұрғынының айтуынша, әзірге қанша үйді су басқаны белгісіз.
 

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында сайжай аумағында тұратын халыққа көмек көрсетіп жатыр. Көбі жұмыстан шыққан соң үйлеріне жете алмай, орта жолда қалған. Оларды арнайы ауыр техника арғы бетке өткізіп, саяжайдан қалаға келетіндерді қар суының екінші жағына тасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар