ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Ақтөбеде сарай өртеніп, 4 адам жансақтау бөліміне түсті

2022 жылғы 30 қыркүйек, 10:58
Ақтөбеде сарай өртеніп, 4 адам жансақтау бөліміне түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Хромтау қаласында сарайдан өрт шығып, гаражға ұласты. Ондағы көлік жанып кетіп, төрт адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түнде болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хромтау қаласында үй ауласында тұрған сарайдан өрт шыққан. Өрт кейін гаражға ұласып, ондағы «Toyota Camry» маркалы көлігі жанып кетті.

«Күйік шалған 4 адам қазір Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде. Бәрінің жағдайы ауыр. Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар өртті сарай жанында тұрған үйге жеткізбей сөндіріп үлгерді. Сонымен бірге, бір газ баллонын шығарды. Үй иесінің айтуынша, өрт шыққанын көрген кезде бірден адамдарды құтқаруға барған. Онда пәтер жалдаушылар тұрған. Барлығы да өрт ішінен шыққан», - деп хабарлады облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 400-ден астам өрт тіркелді. Оның ішінде Ақтөбе қаласында 8 айда 173 өрт оқиғасы болып, 2 адам көз жұмды. Тағы бесеуі түрлі дәрежеде жарақат алды.


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar