Ақтөбеде сапасыз үй салған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құрылыс компаниясының басшысына 339 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылып, сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 сотында құрылыс компаниясының басшысына қатысты Қылмыстық кодекстің «Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету» бабы бойынша іс қаралды.

Іс материалына сүйенсек, «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооператиыінің төрағасы «К» көппәтерлі екі тұрғын үй құрылысы кезінде 339 271 871 теңге жымқырды деп айыпталған.

Құрылыс жұмысы сапасыз, шарт талаптары мен бекітілген жоба бұзылған.

Сонымен бірге сотталушы «К» бұл туралы білесе де бір мезгілде «Жилище» ТҚК төрағасы (тапсырыс беруші) және «CB PROJECT» ЖШС-нің директоры (мердігер) қызметін атқарған.

Салдарынан жәбірленушілерге 176 347 631 теңге материалдық залал келді.

Сот сотталушыны сапасыз жүргізілген құрылыс үшін кінәлі деп тапты

«Жәбірленушілерге келген зиянның өтелмегенін ескере отырып, сот К.-ге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Заң бойынша абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейді. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар