+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар үшін иппотерапия орталығы ашылды

2020 жылғы 15 қазан 22:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар үшін иппотерапия орталығы ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жабық манежді иппотерапия орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында 2014 жылы Ұлттық ат спорты түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Мұнда жабық манеж болды. Ал таяуда туабітті сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жаңа иппотерапия орталығы қолданысқа берілді.

«Ерекше балалармен жұмыстың өзі ерекше. Мұнда Даун синдромы, аутизм мен туабітті сал ауруына шалдыққан балалар мен жасөспірімдер келеді. Алғаш кезде олардың бойын үрей билеп, кейбірі дірілдеп, кейін шегіншектейді. Біз демеп, қолдау білдірген соң үйреніп жатыр. Бір баланың жанында үш адам жүреді. Бірер күннен соң өзі атқа мініп, жаттығуларын жасайды. Қазақ атты бағалаған, қадірлеген. Емдік қасиеті мол. Қан айналымын жақсартады, бала бойындағы үрейден арылады. Тіпті, аяққа тұрып кетеді», - деді жаттықтырушы Луара Бірманова.

Мұнда келген бала бір айда, кейбірі бір аптада күліп, сөйлей бастайды.

«Баланың күлгені - біздің жетістігіміз. Мен өзім сал ауруына шалдыққан балалар мен аутизм дертіне душар болғандарды қамқорлығыма алдым. Уақыт талғамаймын. Егер алдын ала жазылса, таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ипподромда жүреміз», - деді Луара Бірманова.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында қазір мүмкіндігі шектеулі 3 мың бала бар. Олар иппотерапияны қолдана алады. Жаңа орталықта барлығы 200 бала ем қабылдауда, олардың қатарын 300-ге жеткізу көзделген. Күніне 20-30 бала 30 минуттан жаттығу жасайды. Мұнда барлығы 13 адам еңбек етсе, оның біреуі психолог, бірі дәрігер- реабилитолог.

«Иппотерапия орталығына қажет атты спорт мектебінен береміз. Мұнда оларға бар жағдай жасалған. Күніне 4-5 ат балалардың денсаулығын нықтауға бөлінген. Тек қала балалары емес, аудандағы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер де осында ем қабылдайды», - деді ат спорты мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абат Аймағамбетов.


Сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал, Атырау қалалары мен облыстарынан келгендер бар. Ресейдің Орынбор қаласынан арнайы жолдама алып, ем қабылдағандар иппотерапияның тиімділігін ерекше бағалауда.

«Қызымды әкеліп жүрмін. Жасы - 8-де. Тілі кеш шығып келеді. Бірінші келген күні қызымның бойында үрей байқалды. Кейін үйреніп, қуана орталыққа келетін болды. Аптасына екі рет келіп, 30 минут аттың үстінде жаттығу жасайды. Біз жаттықтырушылар мен қамқоршыларға алғысымызды айтамыз. Мұндай орталық біз секілді ата-аналарға үміт сыйлайды, ал балалар аяққа тұрып кетеді», - дейді Раушан Демесінов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT