Ақтөбеде сақтандыру қорына көкөніс жинау үшін шаруашылықпен келісім жасалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 1400 тонна картоп, 400 тонна көкөніс жинау үшін шаруашылықпен арада келісім жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» ӘКК мен «Пригородный» ЖШС 2019-2020 жылдары сақтандыру қорына қор жинау үшін 80 миллион теңгенің келісімшартын жасады. Қазіргі уақытта картоп, сәбіз, қырыққабат секілді көкөністі егу жұмысы аяқталды.

«Соңғы үш жылда сақтандыру қорына картоп пен көкөніс сақтау жұмысы тұрақты жүріп келеді. Ең ірі өндіруші - «Пригородный» ЖШС. Биыл бұл шаруашылықтан 1 мың тонна картоп, 100 тонна сәбіздің келісі 58 теңгеге сатып алынады. Сонымен қатар, 200 тонна пияз бен 100 тонна қырыққабатты 53 теңгеге аламыз. Өткен жылдан 400 тонна картоп қалған еді. Шаруашылық соны сатып, биыл оның орнын жаңа өніммен толтырады», - деді «Ақтөбе» ӘКК ауыл шаруашылығы кешені басқармасының жетекшісі Ермек Батинов.null

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы келісім бойынша 48 миллион теңгені шаруашылыққа алдын ала төледі. Бұл қаржы жанар-жағармай мен көктемгі егу жұмыстарына, тұқымға жұмсалды. Биыл картоптың «Пикассо», «Санте» және «Романо» тұқымы егілді.

«Біз 240 га картоп, 40 га пияз ектік. Сонымен қатар, 20 га сәбіз бен қырыққабат өсіріледі. Тамшылып суару әдісі қолданылады», - деді «Пригородный» ЖШС директоры Степан Гайдар.

Соңғы жаңалықтар