Ақтөбеде сақ-ғұн түркі әлемінің халықаралық форумы өтеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Күзде Ақтөбеде «Ұлы дала мұрагерлері» сақ-ғұн түркі әлемінің халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті. Жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Ақтөбеде атқарылып жатқан істерге тоқталды. Биыл өңірде тарихи форум өтеді. Қыркүйек айына «Ұлы дала мұрагерлері» форумы жоспарланған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру кезінде барлығы 200-ге жуық шара ұйымдастырылады.

«2019 жылдың ең басты жобасы - Ақтөбе қаласында «Ұлы дала мұрагерлері» сақ-ғұн түркі әлемінің халықаралық форумын өткізу. Форум аясында «Ұлы дала шежіресі» ескерткіш-кешенін ашылуы, «Ұлы дала жауһарлары» атты көрме, «Ұлы дала мұрагерлері» театрландырылған қойылымы болады. Түркі халықтарының «Ұлы дала эпосы және музыкалық мәдениеті» халықаралық фольклорлық фестивалі, «Түйін түйіп, темірден тас қашаған» атты тас-темір мүсіндерінің халықаралық симпозиумы, «Ұлы дала шеберлерінің ұлы мұрасы» халықаралық этнофестивалі, «Арал-каспий аймағы - Евразия тарихы мен мәдениет аясында» халықаралық ғылыми конференциясын өткізілуі жоспарланған», - деді облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов.
null

Айта кетейік, биыл «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 532 жоба іске асырылады. «Ауыл қамқоршысы» әлеуметтік жобасы да назардан тыс қалмайды. Меценаттардың қолдауымен Ақтөбе қаласында Жалаңтөс Баһадүрге, Едіге батырға, Бөкенбай батырға, Есет батырға, Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіштер орнатылады. «Даламның дара жырлары» жыршылар антологиясын, «Ақтөбе айтыскерлері» монографиясын шығару және «Ұлы дала ұлағаты» аймақтық фольклорлық ансамбльдер байқауын ұйымдастыру міндеті тұр.
null null

Соңғы жаңалықтар