Ақтөбеде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған мемориалдық тақта ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы мен Киселев көшесінің қиылысында мемлекет қайраткері, Совет одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған мемориалдық тақта ашылды, ҚазАқпарат.

С.Нұрмағамбетовке мемориалдық тақтаның ашылуы - батырдың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты рәсімге қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, әскерилер, қоғамдық бірлестік өкілдері, белсенді жастар мен қала тұрғындары гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Сағадат Қожахметұлы 1942 жылы мектептен әскер қатарына шақырылып, Түрікменстанға Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберілген. 1943 жылдың сәуір айынан бастап оқуды аяқтағаннан кейін. 1945 жылдың мамырына дейін пулемет взводының командирі, пулемет ротасының командирі, 5-ші соққы армиясының Берлин атқыштар дивизиясының ІІ дәрежелі Суворов ордені 301-ші Донецк атқыштар полкінің 1052-ші атқыш полкінің құрамында атқыштар батальонының командирі ретінде майдан даласында шайқасты.

null 1946 жылдың маусымынан 1949 жылдың қарашасына дейін М. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқыды. Оны аяқтағаннан кейін түрлі штабтық және командалық лауазымдарда қызмет атқарды: Түркістан әскери округі штабының жедел басқармасының аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ ССР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының жаңадан орынбасары, Оңтүстік әскерлер тобы (Мажарстан) қолбасшысының бірінші орынбасары. Осы уақыт ішінде екі рет СССР Қарулы күштері Бас штабы академиясының курстарында оқыды. Совет армиясында оған «генерал-майор» (1964) және «генерал-лейтенант» (1972) әскери атағы берілді.

null1989 жылы округ таратылғаннан кейін соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы болды.

1991 жылғы қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылғы мамырда ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде оған генерал-полковник (1992) және армия генералы (5 мамыр 1993 ж.) әскери шені берілді.

1994 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған № 1 «Алтын Жұлдыз» тапсыруымен Халық Қаһарманы атағы берілді.

1995 жылдың қарашасында армия генералы атағында отставкаға шықты, одан кейін Республика Президентінің кеңесшісі болды.

1971-1994 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды.nullnull

Соңғы жаңалықтар