+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған 20 жастағы келіншек операция үстелінде көз жұмды

2019 жылғы 15 қазан 13:22
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған 20 жастағы келіншек операция үстелінде көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бір жылға жуық уақыт бойы гинекология кабинетінде ем қабылдаған Гүлдана Нұрмағамбетова операция үстелінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Айдос пен Гүлдана Нұрмағамбетовтер 1 жылдан астам уақыт бұрын отау құрып, балалы болуды армандады. Гүлдана Нұрмағамбетова 8 ай бойы гинекологиялық ауруларға байланысты жеке клиникада ем қабылдаған. Соңғы емі кезінде дәріні қатты ауырсынып, операция үстелінде көз жұмды.


«Ең жақсы емдеу орнына келіп, бала үшін ақша аямаған едік. Сол күні оған жамбасына екпе жасады. Дәрігерлер аллергиялық кері әсері бар ма, жоқ па деп сұрамады, ақылдаспады. Ота кабинетіне кірген соң қатты айқайлап, мен күдіктене бастадым. Сол кезде ол есінен айырылып қалды. Бірі дәріге кері әсері бар деп, екіншісі жүрегі тоқтап қалған деп айтты. Көз алдымызда сау адамнан айырылып қалдық. Мені екі сағат бойы «бәрі жақсы» деп жанына кіргізбеді», - дейді күйеуі Айдос Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, жедел жәрдем 40 минуттан соң келген.


«Отаға 4:30-да алып кетті, мен 6:30-да ғана кірдім. Сол кезде мұрны мен құлағынан қан кеткен, келіншегімнің денесі суып қалған. Дені сау адам дәрігерлер жанында көз жұмды. Мен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазаланғанын қалаймын. Мұндай жағдай басқа отбасында қайталанбауы тиіс. Сотқа арыз жазамын. Кешірім сұрады, бірақ жауап беруі тиіс. Келіншегім Гүлдана ақжарқын, көңілді адам еді. Ол 20 жастағы періште. Арманымыз, мақсатымыз көп болды. Ол 5 минуттан соң келемін деп күліп кетті», - дейді Айдос Нұрмағамбетов.


Оқиға болған «Әлия» медициналық орталығының басшысы Әлия Шангараева оқиға болғанын, полиция тергеу жүргізіп жатқанын растады.

«Қайғылы жағдай болды. Жас келіншек көз жұмған соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық полиция департаменті тергеуді бастады. Комиссияның қорытындысын айтпай қандай да бір ақпарат бере алмаймын. Алдын ала белгілі болғаны емделуші дәріден анафилактикалық шок алған. Жас келіншек бұрын да осы емдеу орталығына қаралды. Бұрын аллергиялық кері әсері тіркелмеді», - деді Әлия Шангараева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT