Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған зейнеткер жол апатынан көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған 71 жастағы қарт жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде болды. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 71 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай, көлігімен жолдың оң қапталына қарай аударылған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Еске салсақ, Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар