+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбеде республикалық әдеби форум өтті

2019 жылғы 16 қараша 05:27
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде республикалық әдеби форум өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдеби форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды Оралбай Әбдікәрімов: Тарихи сананың тамыры тереңде Әлдибастау әулиесі

Әдебиет форумына Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Ақұштап Бақтыгереева қатысты. Сонымен қатар елімізге танымал ақын-жазушылар жиналып, алдымен Ізтай Мәмбетовтің туған жеріне барып, Алға қаласындағы көшеде ескерткішін ашты. Мұнда ауыл мектебінде ақын атындағы кабинет ашылды. Форум Ақтөбе қаласында жалғасып, өңір басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Осы өлкеден шығып, бүгінде ортамызда жоқ анық-жазушыларымызды еске алуды жөн көрдік. Сағи Жиенбаев, Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойын осы форум аясында атап өттік. Бұл біздің парызымыз. Жергілікті атқарушы орган ретінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көп іс атқарылып жатыр. «Ақтөбе кітапханасы» 50 томдығы түгенделді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Жастарды әлі де қолдап, көмек беруіміз керек. Ақтөбеге драма театр салу керек екенін білеміз. Алдағы уақытта салынады. Сонымен қатар Қуандық Шаңғытбаев атындағы үздік аударма, Үмбетбай Уайдин атындағы үздік сатира, Тобық Жармағамбетов атындағы үздік проза, Тахауи Ахтанов атындағы үздік драматургия, Ізтай Мәмбетов атындағы балаларға арналған үздік шығармалар, Сағи Жиенбаев, Төлеген Айбергенов атындағы үздік поэзия байқауы өтеді. Әрқайсысының жүлде қоры - 1 миллион теңге», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақын-жазушылар соңғы жылдары әкімдіктің әдебиетке ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. «Ғасырлар ауысқанда, қоғам ауысқанда кейбір асыл дүниеміз ұмытылып қалудың аз-ақ алдында қалды. Сол кезде қайта жарқ етіп, мәселен Ізтай Мәмбетовке ескерткіш бьюст қойылды. Бүгін Тобық пен Сағи ағамыздың аты ұлықталды», - деді Ұлықбек Есдәулет.

Айта кетейік, форум Байғанин ауданында жалғасады.

«Ақтөбеде әдеби форумның өтуі жаңалық болды. Бұл-әдебиетке дұрыс бетбұрыс. Ұрпақ байлық қуып кете ме, өз тілінде сөйлемей ме, кітабын оқымай ма деп ойлағанымыз рас. Қазір жастарымыз кітап оқымағаннан үй болып бір-бірін сүйіп тұра алмайды, туған жерді сүю деген ән-жырды оқымағандықтан, басқа елдің ән-жырына еліктегендіктен шетелді аңсайды. Біз мұны жасырмаймыз», - деді Ақұштап Бақтыгереева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT