Ақтөбеде ресейлік көліктерді ұрлап сатқан топ ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «ВАЗ-2114», «ВАЗ-2115» көліктерін ұрлап, оны Орал қаласында сатқан топ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы бойынша бір мезетте 10-нан астам ресейлік маркалы көлік ұрланды. Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында көлік иелері полицияға жиі шағым түсірген.

«Жедел іздестіру кезінде ұрланған көліктің бірі Орал қаласынан табылды. Кейін одан көлік сатып алып жүрген Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ізінше Ақтөбе қаласында ұрланған көлікті сатып алып, оны жөнелткен адам да анықталды. Ұрлық жасап жүргендер мен көліктерді табу қиынға соқты. Себебі, құжаттар көлік ішінде қалып, қайта-қайта сатылған. Екі адам көлікті айдап кетіп, екеуі сатып алумен, сатумен айналысқан. Бәрі де Қазақстан азаматы», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ұрланған 6 көлік табылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар