Ақтөбеде Ресейден келген студенттерден коронавирус инфекциясы анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Ресейден келген 9 студенттен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша соңғы тәулікте 16 адамнан індет анықталды. Қазір барлығы 43 болып тұр. Оның 10-ы ем қабылдап, үйіне жіберілді.

«Індетке шалдыққан адамдардың 25-і сырттан келсе, өзгесі сол адамдармен байланыста болып, жұқтырып алды. Соңғы тәулікте тіркелген дерекке келер болсам, олардың төртеуі ғана ақтөбелік. Өзгесі еліміздің бірнеше өңірінің тұрғыны», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, вирус жұқтырғандар арасында біреуі вахталық жұмыспен жұмыс істеген әйел. Оның отбасы карантинге жатқызылып, өзі инфекциялық аурухананың бокс палатасына жеткізілді.

«Кеше Мәскеу, Казан, Уфа қалаларынан студенттер келген болатын. Сол студенттерді тексеру барысында 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар Нұр – Сұлтан, Түркістан, Алматы қалаларың тұрғындары. Барлығы арнайы бокс-палатада жатыр. Вирусқа қарсы ем жүргізіледі. Жағдайы қанағаттанарлық», - деді Әсет Қалиев.


Соңғы жаңалықтар