Ақтөбеде репрессия құрбандарының ұрпақтарына құжат көшірмелері берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті репрессия құрбандарының ұрпақтарына құжат көшірмесін беріп жатыр. Биыл 76 өтініш пен сұрау түсіп, оның бәріне оң жауап берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мұрағатында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, Германиядан оралған және әскери тұтқындарға, бұрынғы КСРО азаматтарына арналған құжаттар сақталуы тұр. Мұрағатта 13 мыңнан астам құжат бар. Олар: ақталуға жатпайтын тұлғалардың мұрағаттық қылмыстық істері – 617, қуғын - сүргінге ұшыраған, сот органдарымен ақталған азаматтарға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер - 9936 және бұрынғы әскери тұтқындар мен Германиядан оралған бұрынғы КСРО азаматтарының материалдары – 2520 іс.

«Биыл Ақтөбе облыстық ПД арнайы мемлекеттік мұрағатына қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туыстарынан 76 өтініш пен сұрау түсті. Оның бәріне жауап берілді. 7 мұрағаттық анықтама және 150 мұрағаттық құжаттың көшірмесі ұсынылды. Оның ішінде, жақын және алыс шетелдерден жеке және заңды тұлғалардан 7 өтініш түсті. Ақталған азаматтардың немесе олардың өкілдерінің, олар қайтыс болған жағдайда туыстарының қылмыстық іс құжаттарымен танысуға, сондай – ақ осы істерде сақталған қолжазбаларды, фотосуреттерді және басқа да жеке құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар екенін хабарлаймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, 28 жастағы Роман Завадовский алдымен «Мемориал» сайтында іздеуді бастаған. Биыл 23-қаңтарда Ақтөбе облысының полиция департаментіне келіп, мұрағат құжаттарын, атасының фотосуреттерін алды. Мұрағатта Иван Завадовскийдің 20 фотосуреті бар. Олардың сапасы шөбересін таңқалдырды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Завадовский Иван Владимирович 1989 жылы, қайтыс болғаннан кейін ақталған.


Соңғы жаңалықтар