+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде рельстен шығып кеткен цистерна ішінде жанар-жағармай болған

2021 жылғы 26 ақпан 16:46
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде рельстен шығып кеткен цистерна ішінде жанар-жағармай болған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы аумағында 22 вагон рельстен шығып кетті. Цистерна ішіндегі жанар-жағармай төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде «Урал» мотоциклі аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жүргінші мерт болды Ақтөбеде шошқа фермасының жұмысшыларына бос орындар ұсынылды

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагоны рельстен шығып кетті . Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

«Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын мен керосин төгілді. Рельс бойындағы электр тогы сөндірілді, өрт шықпас үшін төтенше жағдайлар қызметі арнайы көбік шашты. Енді екі рельс бағытының бірін қалпына келтіріп, жолаушылар қатынасын жандандыру қажет. Мамандар қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр», - деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT