Ақтөбеде пышақпен қаруланған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

24 қараша сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әйелдің әмиянын алып кеткен.

Белгілері бойынша қылмыскерлердің фотороботы жасалды.

Күдіктілер ұсталды, олар кәмелетке толмаған болып шықты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар