Ақтөбеде полицияға қанжар ала жүгірген жүргізуші мәжбүрлі түрде емделеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бірнеше көлікті қағып кетіп, кейін қаша жөнелген сотталушы С.Ағадиевке қатысты іске үкім шықты. Ол алдағы уақытта мәжбүрлі түрде жүйке аурулары ауруханасында ем қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бірнеше жол-көлік оқиғасын жасап, кейін қашып кеткен сотталушы Санат Ағадиевті полиция қолға түсірді. Бірақ ол ескертуге құлақ аспай, бір қолына бәкі, екінші қолына қанжар ұстап, адамдарды қорқытқан. Ескерту ретінде аспанға оқ атылды. Осы оқиға бойынша «Бұзақылық», «Билік өкілін қорлау», «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптарымен іс қозғалды.

Бүгін №2 қалалық сотының судьясы Ербол Әбдіхалықов сотталушы С.Ағадиевті мәжбүрлі түрде жүйке аурулары ауруханасына емдеуге жіберуге үкім шығарды. Сонымен қатар, ол жәбірленушілердің көлігін жөндеу үшін 1 миллион теңге материалдық шығынды төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар