Ақтөбеде полиция жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол апатынан әйел көз жұмды. Полиция куәгерлерге іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе қаласының Сүт зауыты ауданында болды. Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі көпірде ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысты. Салдарынан ВАЗ-2107 маркалы автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін куәгерлерді, оқиғаны көрген адамдар келесі телефон нөмерлеріне хабарласуын сұраймыз. Байланыс телефондары: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне алып келу қажет»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Соңғы жаңалықтар