Ақтөбеде полиция мен ТЖ қызметі жолда қалған өзбекстандықтарға көмектесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Самара – Шымкент тасжолында автобустары бұзылып, жолда қалған өзбекстандық жолаушыларға полиция мен төтенше жағдайлар қызметі көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 7:00 шамасында болды. Самара – Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы маңында шағын автобус техникалық ақауға байланысты тұрып қалған.

«Автобус ішінде 21 адам болды. Оның екеуі әйел. Шымкенттен Мәскеуге бағыт алған жолаушылардың бәрі Өзбекстан азаматтары. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп, оларды Қарабұтақ ауылындағы кэмпингке жеткізді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жолда қалған автобус жолаушыларына көмекке Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен №10 өрт сөндіру постының жеке құрамынан 2 адам, бір техника, сонымен қатар медициналық-құтқару бекетінен төрт адам барды.


Соңғы жаңалықтар