Ақтөбеде полиция қызметкерлері жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолынды Тәжікстан азаматтары мінген көлік бұзылып, полиция қызметкерлері көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі республикалық тасжолда полиция патрульдік кезекшілікте жүр. Жол қауіпсіздігін бақылау кезінде жолда қалған көлік жолаушылары жылыту бекетіне жеткізілді.

«Бүгін Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылында «Хундай» маркалы Тәжікстан азаматтары мінген көлік бұзылып қалды. Көлік ішінде 9 адам болған. Оның үшеуі бала. Жүргізуші оларды тастап, жақын маңдағы ауылға қосалқы бөлшек алу үшін кетіп қалған. Олар Ресейден Тәжікстанға бет алған екен», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Полиция қызметкерлері оларды жақын маңдағы дәмханаға жеткізіп, жүргізушіге көмектесті.

Соңғы жаңалықтар