Ақтөбеде полиция қызметкерлері «Бауырластар зиратын» қоқыстан тазартты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жеңіс күні қарсаңында полиция қызметкерлері «Бауырластар зиратынан» қоқыс жинап, тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері «Бауырластар зиратына» барып, мұнда тазалық жұмысын жүргізді. Алдымен қоқысын жинап, кейін гранит тастарын жуды. Қураған шөбін жұлып, айналаны қалпына келтірді.

«Зиратта соғыс жылдары жараланып, ақтөбелік ауруханаларда көз жұмған 290 кеңес жауынгері жерленген. Мұнда бірнеше жыл бұрын қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Полиция қызметкерлері зират маңын үнемі күтіп ұстауға көмектеседі. Сонымен бірге бұзақылардың бүлдіріп кетпеуі үшін бақылауды жалғастырады», - деді Ақтөбе облыстық ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 20 соғыс ардагері бар. Оның 17-і Ақтөбе қаласында, 2-і Хромтау ауданында және біреуі Мұғалжар ауданында тұрады. Биыл ардагерлерге 2 миллион теңгеден берілді.


Соңғы жаңалықтар