Ақтөбеде полиция қызметкерінің аяғынан атқан Ресей азаматы сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерінің қаруын иемденіп, аяғынан атып жаралаған Ресей азаматы Мәжит Ахметғалеев сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Мәжит Ахметғалеевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Мәжит Ахметғалеев Қылмыстық кодекстің «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін», - деді судья Қиятбек Мырзабеков.

Іс материалдарына сүйенсек, Ресей азаматы Мәжит Ахметғалеев халықаралық іздеуде жүрген. Азаматтық некедегі әйелінің арызынан соң полиция қызметкерлері оны Ақтөбеде ұстады. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетпек болған сотталушы учаскелік пункттен қашып кетпек болып, полиция қызметкерінің Макаров тапаншасын иемденеді. Екі рет полиция қызметкерін атады. Оқ құқық қорғаушының аяғына тиіп, жараланды. Сол кезде қаруды екінші полиция қызметкеріне бағыттап, қорқытады. Тапанша іске қосылмайқалған кезде Мәжит Ахметғалеев ұсталды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар