Ақтөбеде полиция көлігі мотоцикльмен соқтығысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Кеңес Нокин даңғылында полиция көлігі мен мотоцикль соқтығысты. Мотоцикль жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Жазда қала көшесінде мотоцикль көбейді. Кеше сағат 22:40-та 23 жастағы мотоцикль жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, полицияның «Газ-2705» көлігімен соқтығысты.

«Полицияның Газель көлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауға шыққан болатын. Ал мотоцикль жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикль жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Әрі мотоцикль иесінің жүргізуші куәлігінде арнайы категория болмай шықты. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар