Ақтөбеде полиция қарбыз сатушы кәсіпкердің өлімін аша алмады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен қымбат көлікке мініп кетіп, кейін денесі табылған Ерхан Тілеуімбетовтің өлімі ашылмады. Ақтөбе полициясы кәсіпкердің отбасына күдіктіні таба алмағанын хабарлап, қаулы тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция 30 қазан күні қолыма қаулы ұстатты. Онда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты істі тоқтататынын хабарлады. Бір Ақтөбенің ішінен «Toyota Land Cruiser 200» көлігінің иесін таба алмауы, базар ішінде көрген адамдардың сөзінен фоторобот жасалмағаны көңілге күдік ұялатады. Сондықтан мен Бас прокурордың қабылдауына жазылып, кездесуді жоспарлап отырмын», - деді Ерхан Тілеумібетовтің анасы Райхан Есенаманова.

Еске салсақ, Ерхан Тілеуімбетов 2017 жылы 3 тамызда базарға барып, кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Екі баланың әкесін жан-жақтан іздеу жұмыстары жүргізілгенімен, полиция қызметкерлері бейнекамерадан көліктің нөмірін анықтай алмады.  Шарасыз күйге түскен Райхан Есенаманова жалғыз ұлын ұстап отырған адамдарға үндеу жолдап, босатуын сұрады.  Ал 2017 жылдың қыркүйегінде Ерхан Тілеуімбетовтің мәйіті бөлшектелген күйінде табылып, туыстары оны киімі арқылы таныды. 

null 

Соңғы жаңалықтар