Ақтөбеде полиция бұзылып қалған автобустағы қырғызстандық жолаушыларды құтқарды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында тағы бір автобус бұзылып қалды. Полиция 42 жолаушыны жылыту орнына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автобус Қырғызстаннан Ресейдің Мәскеу қаласына бет алған. Көлік бұзылып, жол жиегінде бірнеше сағат тұруына тура келген. «Республикалық трассада полиция қызметкерлері Бекзат Сисенбаев пен Сәкен Жамбылов кезекшілікте жүрді. Олар автобусты сүйреп, ең жақын кемпингке жеткізді. Сол жерде жолаушылар жылынып, автобус жөнделді. Бұл бірінші жағдай емес. Қыста шетелдіктер жолға дайындықсыз шығады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салсақ, осы жолда өзбекстандық жолаушылар мінген автобус бұзылып, полицияның көмегімен жолаушылар құтқарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар