Ақтөбеде полицейлер жолда қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Карантин кезінде жолда қалған өзбекстандықтарға полиция көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин кезінде полиция қызметкерлері бірнеше рет азаматтарға, соның ішінде қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмек көрсетті. Бұл жұмыс жалғасты.

«Бүгін «Самара-Шымкент» тас жолының Қобда ауылының маңында Өзбекстан азаматтары мінген 2 автобус бұзылды. 549 жолаушысы бар 11 автобус Батыс Қазақстан арқылы Ресейден Өзбекстанға бет алған. Ақтөбе облысы аумағында қиындыққа тап болып, көмек сұрады. Ақтөбелік полиция қызметкерлері шетел азаматтарына жәрдем берді. Бұзылған автобустарды жөндеуге қол ұшын созып, жолаушылар үшін су және тамақ берді. Қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтары мен автобус жүргізушісі полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 11 автобустың жолға шықты.


Соңғы жаңалықтар