Ақтөбеде полицейлер борышкерлерді ауруханада жатқан жерінен тапты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Борышкер» акциясы басталды. Бір күнде берешегі бар 20-дан астам анықталып, оларға хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция борышкерлер мен алимент төлемейтіндердің санын азайту мақсатында жедел - алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Баласының күтіміне ақша бермей жүргендер мен салықтан жалтарғандарды анықтау кезінде 20-дан астам адамды ұстады.

«Облыстық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті немесе жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлеу керек екенін ескертеді. Мерзімінде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндірілмек. Жолда көлік тоқтатып қана қоймай, полиция қызметкерлері жан-жақты іздеу жүргізіп, ауруханада жатқан адамға да баласына алимент төлемей жүргенін еске салды. Бұл шара әрі қарай жалғаса береді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар